Мал ұрлығын кәсіп еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Мысалға атап өтсек, 2018 жылдың тамыздың 30-нан 31-не қараған түні Ордабасы ауданында жергілікті тұрғынның жайылымынан 9 жылқыны алып кетіп, оны Шымкент қаласында тығып сақтаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жоспары ашылып, әрқайсысының атқаратын қызметі анықталып, олардың арасындағы келісім бары расталып, қылмысты жасаудың барлық кезеңдері құжатталды. Олардың Түркістан облысы аудандары аумағында жасалған 31 мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Ұсталғандар Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары болып шықты деп хабарлайды Түркістан облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Осы қылмыстық істі жан-жақты тексеру үшін облыстық ІІД Криминалдық полиция басқармасының, Тергеу басқармасының және Төлеби, Сайрам, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы аудандарының қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Ұрланған жылқылардың бір бөлігі айғақты зат ретінде алынып, иелеріне қайтарылған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 106 млн. теңгені құрап отыр. Олар, Төлеби, Сайрам, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы аудандарында қылмысын жүзеге асырған. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы әр топтың мүшесіне өз ролін белгіліп қойған және ұрланған малды сатып, ақшаны өзара бөліп отырған. Ұрланған малдарды Шымкент қаласындағы өз үйіндегі мал қорасында ұстап, кейін барып, облыстың басқа аудандарындағы мал базарларға автокөлікпен алып барып, сатқан.

Мысалға атап өтсек, 2018 жылдың тамыздың 30-нан 31-не қараған түні Ордабасы ауданында жергілікті тұрғынның жайылымынан 9 жылқыны алып кетіп, оны Шымкент қаласында тығып сақтаған. Кейін барып, Жетісай қаласындағы мал базарына сатып жіберген. Тергеу барысында полицейлермен 4 жылқы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ, ұрланған жылқыларды Сарыағаш, Шымкент қалаларының мал базарларында сатып жіберген.

Тағы бір жайтқа тоқталсақ, 2018 жылдың сәуірдің 12 мен 13-не қараған түні белгісіз азаматтар жайылымнан 15 жылқыны жымқырып кеткен, құны 5 млн. теңгеден астам алып кетіп, Шымкентте ұстап отырып, кейін қалада және Шардара ауданына апарып, сатып жіберген. Ұрланған малдың 3-еуі Қарабұлақтан табылып, заңды иелеріне қайтарылған.

Күдіктілер кінәсін толығымен мойындап отыр. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басшылық ету» және «Ірі мөлшерде жасалған ұрлық» екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталды. Түркістан облысының ІІД тергеушілерімен қылмыстық іс сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері облысы тұрғындарына жайылым жерлер мен мал қораларындағы малдарына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше, жайылым жерлерге жібергенде арнайы малшы жалдап, малдарға таңба мен ен салып, мал қораларын бекітуін ескертеді.

Егерде сіз мал ұрлығының құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: