Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қаржы жымқырғаны үшін ұсталды

Baq.kz
Оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова өткен аптада тіркелген қылмыстық істермен таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшісін әшкереледі. Ол жауапты мемлекеттік лауазымды атқара отырып, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшілігінің әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойды деп күдіктелуде», - деді Бастарова Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Ресми өкілдің мәліметінше, оның заңсыз әрекеттері салдарынан 140 миллион теңгеден астам шығын келген.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі – Ерік Өтембаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды