Бүгін еліміздің кей өңірінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады

aqmeshit-aptalygy.kz
Aлматы облысында тұман түседі.

Жұма күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты жаңбыр жауады. Батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашын болмайды. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Aқмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысында, түнде және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, кей уақытта желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, түнде және таңертең Aтырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Aлматы, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Aлматы облысында тұман түседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі