Алаяқ адамдардан абай болыңыз

elorda.info
Келтірілген залалдың жалпы соммасы 200 мыңнан асып түседі.

22 қазанда белгісіз әйел ірі сауда орындары мен отельде кассирлерді алдап, ақшаларын иеленген, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Келтірілген залалдың жалпы соммасы 200 мыңнан асып түседі.

Ірі номиналды ақшаны ұсатып беруді өтініп, бірақ қолдарына ақшаны бермей, сонымен қоса кассирлердің ұсатуға берген ақшасының жартысын жымқырып кетеді. Соңынан адамның көптігін пайдаланып, сол жерден тез арада тайып отырған.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, Қазақстанға турист ретінде келіп, қонақүйлердің бірінде тұрған.

23 қазанда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ол қолға түсті. Алаяқтық бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Күдікті әйел уақытша қамау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полицейлері шетел азаматшаның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккендерді Полиция департаментіне келуін немесе мына телефондарға 8(7172)71-60-69, 71-60-24, моб. тел: 8-702-555-93-23 немесе 102 хабарласуды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді