Қызылордада ер адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдықты

www.inform.kz
Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі Жаңақорған ауданында биыл екінші рет тіркелді.

Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу диагнозымен 58 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқас емдеу орнына ауыр халде жеткізілген.

«Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде Конго-Қырым қанды безгеніне шалдығу жағдайы тіркелді. Науқастың диагнозы зертханалық жолмен нақтыланды. Қазіргі таңда ол Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда», - деп мәлім етті облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Атап өтілгендей, науқас мал шаруашылығымен айналысады. Осыған орай, эпидемиолог мамандар қора-қопсыдағы төрт түлікті тексерген. Нәтижесінде сиырдан бірнеше кене табылған. Лабораториялық зерттеуден кейін ол улы жәндік екені анықталды.

«Ауру ошағында індетке қарсы және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені толығымен орындалуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 19 адам тіркеліп, олардың арасында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігі анықталған жоқ. Кене шағу жағдайы орын алғанда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Көмекке ерте жүгіну арқылы аурудың асқынуын болдырмауға болады», - делінген департамент хабарламасында.

Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі Жаңақорған ауданында биыл екінші рет тіркелді.

Биылғы тамыз айында осы ауданда 38 жастағы әйел аталмыш диагноздан қайтыс болған еді. Сондай-ақ Сыр өңірінде кене шағу қаупі жоғары елді мекендер саны өткен жылға қарағанда 10 ауылға көбейген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты