Алматы - Екатеринбург күре жолында 51 адам эвакуацияланды

www.inform.kz
Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер табылған жоқ.

Қарағанды облысында, Алматы - Екатеринбург күре жолының 523-ші шақырымында Астана - Шымкент бағыты бойынша келе жатқан 51 жолаушысы бар автобус бұзылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Апаттар медицинасы орталығына сілтеме жасап.

Бұл жағдай туралы хабар «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару бекетінің диспетчеріне 2 қараша күні келіп түскен.

Жолаушыларды эвакуациялау және медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына «Сарышаған» ТМҚБ-нің дәрігер, фельдшер, құтқарушы және жүргізушіден құралған шұғыл әрекет ету бригадасы жіберілген.

Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер табылған жоқ.

Яғни, ешкімге шұғыл медициналық көмек көрсетудің қажеті болмаған. ТМҚБ бригадасы 17 жолаушыны «Аян» дәмханасына жеткізген. Қалған 34 жолаушыны Қарағанды облысы бойынша ЖПҚ қызметкерлері эвакуациялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада ер адам өзін негізсіз жұмыстан шығарған жұмыс берушісінен 7 млн теңге өндіріп алды

Шымкентте көлігінен 4 млн теңгенің заты табылған ер адам қамауға алынды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды