Павлодар облысында жыл басынан бері 116 қалта ұрлығы тіркелді

Рavlodarnews.kz 
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалта ұрылары адамдардың көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктер мен базарларда белсенді.

Павлодарлық полицейлер қымбат заттардан айырылып қалмау үшін қарапайым ережелерді есте сақтауды өтінеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалта ұрылары адамдардың көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктер мен базарларда белсенді.

- Биылғы жылы облыс бойынша 116 қалта ұрлығы тіркеліп, оның 21-і көлікте, 17-сі дүкенде орын алған, - делінеді хабарламада. Полицейлер ұрылар өз әрекетін білдіртпей жасайтыны соншалық, ұрлық құрбаны өз затының жоғалғанын үйде ғана байқауы мүмкін екендігін ескертеді.

Сондықтан, тәртіп сақшылары тұрғындарымыздан өзімен бірге артық ақша, қымбат әшекей бұйымдары, дәл қазіргі сәтте қажеті жоқ құжаттар мен кілттерді бірге алып жүруден бас тартуын өтінеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды