Қазақстанның шығысына күшті аяз келді, салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды деп жазады sputniknews.kz.
Білім басқармасының мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше ауданында оқушыларға сабақ болмайды.
Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
Риддер (-24) – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.