Онда 56 су басу қаупі бар аймақ белгіленіп, оған 420 техникасы және 1200 үстінде жұмысшылары бар 109 жауапты мекеме бекітілді. Қызылорда қаласы мен аудандарда су тасқыны кезеңінде халықты көшіруге арналған 79 эвакуациялық жинақтау, 99 қабылдау пункті дайындыққа келтірілді. Қажетті көлемде жанар-жағармай, инертті материалдар қоры дайындалып, "Қазавиақұтқару" мекемесінің 2 тікұшағы қызмет көрсетуге әзір деп хабарлайды Қызылорда облысы бойынша Zakon.kz тілшісі.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Асылбек Шәменовтың айтуынша, аймақтағы 37 нысан қалыпқа келтіруді қажет етеді. Мұз жүру барысында бұзылып, шұғыл жөнделуі тиіс бірінші кезектегі 25 нысан белгіленді. Қазалы ауданында 18 учаскені жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тарапынан жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шаралар қабылданған.
Қысқы уақытта төтенше жағдайларды жою үшін құрамында 232 адам мен 32 тех-ника бар күш-құралдар әзірленді. Оның ішінде қар құрсауында қалған және күрделі метеожағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" күре жолында апаттар медицинасы орталығының 3 құтқару бекеті жұмыс істейді. Бұл бекеттердің 50 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар.
Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев тиісті сала басшыларына өзендегі ахуалды қатаң бақылауға алып, жеке құрамды әрдайым дайындықта ұстауды тапсырды.