ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 2018 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындысы туралы баяндады деп жазады zakon.kz.
«Қазақстанның экономикасы оң өсу үрдісін сақтауда. Есепті кезеңде ЖІӨ өсуі 4,1% деңгейінде сақталды. Экономикалық өсудегі негізгі фактор жоғары инвестициялық белсенділік, инфляцияның бәсеңдеуі, сондай-ақ экономиканың негізгі салаларындағы өндірістің ұлғаюы», - деді министр.
Оның деректеріне қарағанда, инфляция деңгейі 5-7% дәліз шегінде сақталуда – қазанда ол 0,4%-ті, ал жыл басынан бері 3,7%-ті құрады Жылдық инфляция 5,3%-ті құрап отыр. Тимур Сүлейменов соңғы үш жыл ішіндегі рекордтық төмен деңгейге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Негізгі капиталға салынған инвестиция 20,8%-ке өсті.
Сол арада, ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдайға қарағанда, еліміздің халықаралық резерві 2,7%-ке (2017 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда) алтын-валюта қорының қысқаруы есебінен 85,6 млрд АҚШ долларына дейін (7,6%-ке 29,1 млрд АҚШ долларына дейін) азайды. Бұл ретте Ұлттық қордың активі 0,1%-ке 56,5 млрд АҚШ долларына дейінгі өсуді көрсетті.
Бұдан әрі министр әрбір саладағы көрсеткішке тоқталды. Мәселен, өнеркәсіптік өндіріс тұрақты өсу үрдісін сақтауда. Ұлғаю тау-кен өндіруден (4,6%) өңдеудің озыңқы өсуі (5,4%) кезінде 4,7%ті құрады.
Ағымдағы жылғы 10 айда ауыл шаруашылығы өнімін шығару 2,5%-ке ұлғайды. Оң динамикадағы айтарлықтай үлес, министрдің айтуына қарағанда, мал шаруашылығындағы 3,9%-ке өсу арқылы орын алып отыр. Бұл ретте өсімдік шаруашылығы өндірісінде 1,6%-ке дейінгі үдеу байқалады.
Құрылыс саласындағы динамика 4,1% деңгейінде тұрақтанды. Тимур Сүлейменов өсудің тұрғын үй ғимараттарын, өнеркәсіп нысандарын салу, автомобиль жолдарын қайта құру және Шымкент МӨЗ-ін жаңғырту жөніндегі жұмыстардың ұлғаюына орай орын алғанын баяндады.
Экономиканың нақты салаларының кеңеюімен ілесе экономиканың сатылмайтын саласында өнім шығару ұлғаюда. Қызмет көрсету өндірісі 4%-ке өсті. Негізгі үлесті сауда және көлік қосуда: бұл салалардағы өсу тиісінше 7,2% және 4,5%-ті құрады.
«Тұтастай алғанда, экономикадағы жағымды өзгерістерге қарамастан, жекелеген өңірлерде өндірістің белсенділігі кері аймақта қалып отыр. Үш артта қалып отырған өңірде құлдырау ауқымы ұлғаюда. Қызылорда облысында құлдырау 7,1%-ті, Батыс Қазақстанда 4,4%-ті және Түркістан облысында 3,5%-ті құрады. Бұл ретте, өнеркәсіптегі өсім бойынша Атырау облысы 11%-ке, Шығыс Қазақстан облысы 9,6%-ке және Қостанай облысында 8,7%-ке өсу жолымен көшбасшы өңірлер қатарынан көрінді»,- деді Тимур Сүлейменов.
Сондай-ақ, атап өтерлігі, әлемдік тауар нарығындағы қолайлы конъюнктура жағдайында сыртқы сауда айналымы тұрақты өсу трендін сақтауда. 8 айда өсу 21,6%-ті немесе 59,8 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 28,2%-ке, ал импорт 10,8%-ке өсті.
Министр сондай-ақ еңбек нарығындағы жағдай бұрынғыдай қолайлы екендігіне сендірді. Ағымдағы жыл басынан бері 414,5 мың адам жұмысқа орналасқан. Қазанда жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ке дейін төмендеді.
«Жалақы орташа қарқынмен өсуде. Қаңтар-қыркүйекте орташа айлық жалақы 158,2 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бағалау бойынша нақты мәнде 1,9%-ке өсті. Жалақы өсуі жағдайындағы нақты ақшалай табыс және инфляциялық процестердің бәсеңдеуі қаңтар-тамызда 3,5%-ке өсті», - деді Тимур Сүлейменов.