Алматы облысында төрт күн ішінде браконьерлер 11 миллион теңге шығын келтірген

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында төрт күн ішінде 67 құқық бұзушылық анықталып, оның 6 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

9 қарашада басталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 67 фактісі анықталды. Осы фактілерді тексеру барысында мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі 11 миллионннан асты. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес қараша айының 9-13 күндері елімізде «Браконьер» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылуда. Тәртіп сақшылары Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, "Охотзоопром "ӨБ" республикалық кәсіпорны және табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесе отырып, облыс көлемінде кең ауқымда рейдтер мен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғат қорғау заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету, оның бұзылуын болдырмау.

«Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында төрт күн ішінде 67 құқық бұзушылық анықталып, оның 6 фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Балқаш ауданында 2 жергілікті тұрғынды ұсталды. Олар электр тоғын өндіретін генераторды және маторлы қайықты пайдалана отырып, 151 кг балықты заңсыз аулаған. Яғни, 500 мың теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексті 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлайды облыстық Табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Куджаков.

Өз кезегінде, тәртіп сақшылары заң талаптарын білмегендік азаматтарды қандай да бір жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Сондықтан, облыс тұрғындарын табиғат қорғау заңнамасын қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: