Астанада құлақтандыру жүйесі тексеріледі

bnews.kz
Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.

Ертең, яғни 22 қарашада сағат 09:55-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті электродабылдарды қосу және теле-радио арналардың хабар таратуын пайдалану арқылы қаладағы құлақтандыру жүйелерін тексереді, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталмыш тексеріс шаралары жоспарлы түрде жүргізіледі. Еске салайық, төтенше жағдай орын алған жағдайда немесе төтенше жағдайдың орын алуы мүмкін болған жағдайда электродабылдар немесе басқа да дабыл құралдары қосылады. Ол "Баршаңыздың назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын білдіреді. Бұл дабылды естіген кезде тұрғындар міндетті түрде қолайлы ақпарат қабылдау құралдарын (теледидарлар, радиолар және т.б.) іс-әрекеттер туралы нұсқаулар мен ақпарат алуы үшін қосуы керек.

Астана қаласы ТЖ департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін