Қазақстанда ауа райы бірден суытады

ашық дереккөздерден
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады.

Синоптиктердің болжауынша, жылы ауа райынан кейін алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде күн cуытады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бұл оңтүстік-батыс тропосфералық ағынының солтүстік-батысқа ауысуымен байланысты туындап, Баренц теңізі аймағынан арктикалық ауа массаларын алып келеді.

"Бірақ суықтың басып кіруінің алдында Қара теңіздегі циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстік жартысы арқылы жылжып, соның салдарынан қар жауады, бұрқасын болып, батыстан күшті жел соғады, сондай-ақ оңтүстік аймақтың жартысында тұман және көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды