Елбасы: Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ істеген шаруаның барлығы бекер

Акорда
ҚР Президент жақындағы бүкіл халыққа арнаған Жолдауында жастарға патриоттық тәрбиелеу мәселесіне айрықша назар аударылғандығын атап өтті.

Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ істеген шаруаның барлығы бекер. Бұл туралы бүгін "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық қоғамдық бірлестігінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен кездескен Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ертең Қазақстан ел болып өзінің Тұңғыш Президентін сайлаған күн. Ол күнді біздің Парламент мереке күні деп тағайындады. Мәселе біреудің аты-жөнінде емес, ол күні мен сайландым. Бірақ, ол қазақ қазақ болғалы, ел болғалы тұңғыш рет тарихында өзінің ойымен, өзінің пікірімен өз Президентін сайлаған ең тұңғыш қуанышты күні болатын. Соның қарсаңында сіздермен кездесіп отырмыз", - деді Елбасы.

ҚР Президент жақындағы бүкіл халыққа арнаған Жолдауында жастарға патриоттық тәрбиелеу мәселесіне айрықша назар аударылғандығын атап өтті.

"Барлық істеп жатқан шаруаның, 27 жылдың ішіндегі тәуелсіздікті нығайту үшін, мемлекетімізді дүниежүзіне паш ету үшін істеген жұмысымыздың барлығы - Отанды қорғау. Егерде тәуелсіздігімізді, бүгінде әлемге белгілі болған Қазақстанымызды, көк байрағымызды қорғай алмасақ істеген шаруаның барлығы бекер болады. Сондықтан бүгінгі "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылуымен баршаңызды құттықтаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы әскери адам үшін, әскери бөлімшелер үшін ту, жалау барлық уақытта батырлықтың, отансүйгіштіктің белгісі болып саналатындығын баса айтты.

"Ол туды жоғары ұстау, ол туды қисайтпау барлығымыздың парызымыз. Біз отанымызды қорғай алмасақ, шекарамыздың шебінде тұра алмасақ еліміз өсіп-өркендемейді. Істеп жатқан шаруаның барлығы жастар үшін, болашақ үшін. Сендердің өмірлерің бізден де жақсы болсын деп, біздің Қазақстанымыз болашақта бұдан да жоғары, бай болсын деп істеп жатқан шаруаларымыз бар", - деді

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты