Сбербанк кепілдік кредиттерді комиссиясыз қайта қаржыландыруды ұсынды

www.sberbank.kz
Сбербанкте кепілдік заемдарды қайта қаржыландыру енді комиссиясыз, теңгеде 14,6% (СЖТМ 15,6% бастап) мөлшерлемемен жүзеге асырылады.

Сбербанк теңгеде алынған кепілдік заемдарды комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды іске қосты. Қайта қаржыландыру бағдарламасына ипотекалық кредиттер мен кепілге жылжымайтын мүлік қойылған барлық кредиттер қатысады.

"Бүгінгі таңда Біз кепілдік кредитті комиссиясыз және төмен пайыздық мөлшерлемемен қайта қаржыландыруды ұсынатын Қазақстандағы бірден-бір банкпыз. Біз қазақстандықтардың қарыздық жүктемені төмендететін қолайлы талаптары бар өнім алуды қалауын түсінеміз- деп айтып өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Бөлшек сауда жөніндегі басқарушы директоры Жанаргуль Изимова, - Сондықтан Сбербанкте клиенттерге бар заемдар бойынша ай сайынғы төлем сомасын төмендетуге, ал босатылған қаражатты өзге де отбасылық бюджет шығындарына жұмсауға мүмкіндік беретін қайта қаржыландыру бағдарламасы іске қосылды".

Қайта қаржыландыру кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету, немесе кредиттеу мерзімін ұзарту және де, әрине, ай сайынғы төлемді азайту есебінен қарыздық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заем бойынша төлемді оңтайландыру үшін клиентке әр түрлі қазақстандық банктердегі бірнеше кредиттерді біріктіру бойынша опция қолжетімді болып табылады.

Қайта қаржыландыру бағдарламасына жеке тұлғалар, сондай-ақ Сбербанк қызметін пайдаланатын компаниялардың 21 жасқа толған қызметкерлері қатыса алады. Еңбекақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңгеден кем болмауы керек.

Сбербанкте кепілдік заемдарды қайта қаржыландыру енді комиссиясыз, теңгеде 14,6% (СЖТМ 15,6% бастап) мөлшерлемемен жүзеге асырылады.

Өнім туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі