Семей қаласының тұрғыны 10-ыншы қабаттан екі литрлік банкіні тастап жіберген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Оқиға былтыр жазда болған. Айыпталушы банкі ішіндегі жұмыртқаның қабығын сілкіп түсірмек болғанда банкінің өзі де қолынан сусып түсіп кеткендігін айтады. Қас қылғандай, әйнек ыдыс төмендегі баланың басына түсіп шағылады. Кәмелетке толмаған бала қатты жарақат алыпты.
Мәліметке сенсек, сол сәтте айыпталушы мас күйде болған екен.
Сот шешімімен, айыпталушы 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Және зардап шегуші тарапқа 500 мың теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.