Қола дәуірінің апокалипсисіне себепкер болған көне өркениет ошақтары қазақ даласында

Еуразия бірінші арнасы
Сенбі күні 21:00-де Еуразия бірінші арнасындағы «Басты бағдарламадан» көре аласыздар!

Адамзаттың ең алғаш металл игерген мекені – Жезқазған. Мұндай байламды жапон ғалымы, Эхимэ университетінің профессоры Ясуко Мураками айтып отыр. «Далалықтар, адамзаттың қай металлды игеретінін де алдын-ала анықтап, тренд жасап отырған» дейді жапон ғалымы деп хабарлайды zakon.kz.

Ал жергілікті тарихшы, археолог Кукушкин «далалықтар күллі әлеммен салыстырғанда металл ісінде 500 жыл алда жүрген» дегенді айтады.

Археолог Жезқазған маңынан 10 мың адам бір сәтте жұмыс істеген метталургиялық қонысты тауыпты. Бұл ежелгі дәуірде-ақ біздің жерде металлургиялық корпорацияларға келіңкірейтін жүйе болғанын көрсетеді деп отыр.

Жезқазғанда ғалымдар қалайы балқытатын пешті реконструкция жасап, сынақтан өткізіп көрді. Мамандардың есебінше, бұл пештер Қола дәуірінде қолданыста болған екен.

Алдыңғы Азия, Таяу Шығыс өңірлері қалайыны сол кездегі Қазақ даласынан мекендеген тайпалардан алып тұрыпты. Тек осыдан 40 ғасыр бұрын Орталық Қазақстан өңірінде қалайы балқыту сап тиылыпты.

Қалпына келтірілген пешті жағып көрген мамандар оттың қызуы 2000 градусқа дейін жететініне көз жеткізді. Бұл пештің тағы қандай қызықтары бар?

Сенбі күні 21:00-де Еуразия бірінші арнасындағы «Басты бағдарламадан» көре аласыздар!

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті