Таразда күйеуіне сәлем-сауқат жіберген әйел 20 жылға сотталуы мүмкін

sputniknews.kz
Сотталушының әйелі еттің майына жасырылған есірткіні түрмеге кіргізуге тырысқан.

Таразда ЖД-158/2 колониясының қызметкерлері жеке заттарды тексеру кезінде азық-түліктен есірткі тауып алды. Бұл туралы sputniknews.kz, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, сотталушылардың бірінің әйелі есірткі затын (гашиш) алты орамаға түйіп, еттің майына жасырған.

Контрабанданың жалпы салмағы 20 грамға жуықтайды.

Оқиға мереке күндері болған. Қазіргі уақытта аталған факті негізінде 297-бап (ірі көлемде есірткі заттарын, олардың балама түрлерін заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, жіберу немесе сату мақсатында тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұдан бұрын Қостанай облысында осыған ұқсас оқиға болған еді, ол кезде сотталған адамға әкелінген пластмасса ыдыстағы балдан 33 грамм гашиш табылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды