Жамбыл облысының тұрғыны қызының есімін Назарбаевтың құрметіне Нұрәбіназ деп қойған

stan.kz
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 276 балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен.

Жамбыл облысыныда Нұрәбіназ есімді қыз бала тұрады. Оның есімін елбасының құрметіне қойған деп хабарлайды Stan.kz Еуразия телеарнасына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тұрғыны қызына елбасының есімін берген. Нұрәбіназ мемлекет басшысының есімі, әкесінің аты мен тегінің қысқартылған түрі.

«Көпшілік атымды естігенде таңғалып жатады. Неге Нұрәбіназ, мағынасы қалай деп сұрайды. Есімімді әкем қойған екен. Назарбаевтың құрметіне осындай есім таңдаған», – дейді қыздың өзі.

Қазақстанда Елбасының құрметіне қойылған Нұрсұлтан есімі қаншама. Одан бөлек Экспо құрметіне Бәйдібекспо, Теңге, Мәңгілік, Нұротан, Нұрлыжол, Cаммит есімді ерекше есім қойғандар бар.

Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде 37 276 балаға Нұрсұлтан есімі берілген екен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді