Пәтерді тіркеу кезінде алаяқтардан сақтану үшін блокчейн енгізу ұсынылды

sn.kz
Тіркеу мәліметтерінің болмауы немесе мүліктің уақтылы тіркелмеуі меншік құқығын жоғалтуға алып келетіні белгілі.

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде блокчейн технологиясын енгізу арқылы алаяқтармен күресуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тіркеу мәліметтерінің болмауы немесе мүліктің уақтылы тіркелмеуі меншік құқығын жоғалтуға алып келетіні белгілі. Мүлікті жалған құжаттармен тіркеу фактілері бар. Сондықтан бұндай әрекеттерге блокчейн технологияларын енгізу есебінен тосқауыл қоюға болар еді. Алаяқтықпен күрес мақсатында блокчейн жүйесін қолдану шаралары Үндістанда енгізілген. Сонымен қатар, оны Украинада, Швецияда және басқа да елдерде кеңінен пайдалану жоспарланып отыр», - деді В. Божко жылжымайтын мүлік мәселесіне арналған Үкімет сағатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев блокчейн технологияларын енгізу арқылы мемлекеттік органдардағы ашықтық деңгейі айтарлықтай өзгеретінін атап өткен болатын.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев