Қарыз өтелмей тұрып, тұрғын үйді өзіне сақтап қалуға жол берілмейді деп жазады altaynews.kz.
– Мемлекеттік «7-20-25» бағдарламасы бойынша алынатын несиені мерзімінен бұрын өтеуге бола ма?
Дархан Хасенов, Семей.
Сауалға Ұлттық банктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Айнагүл Жолдыбалина жауап береді:
– Ипотекалық қарызды мерзімінен бұрын өтеуге бағдарлама тыйым салмайды, мұндай жағдайда айыппұл салынбайды.
Бағдарлама шартында қарыз алу мерзімі 25 жылға дейін. Шектеулер барынша көп қарыз алу мерзіміне ғана қолданылады.
Бұрын алынған ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруға жол берілмейді.
Қарыз алушыға қойылатын талаптардың бірі – оның өтелмеген ипотекалық қарыздарының болмауы. Осылайша, «7-20-25» бағдарламасының қатысушысы бола отырып және қолданыстағы ипотекалық қарызыңыз бола тұрып, бағдарлама шартымен жаңа қарызды алу мүмкін емес. Бұл ретте ипотекалық қарызды толық өтеген жағдайда, бағдарлама шарттары сақталған кезде жаңа қарыз алуға рұқсат беріледі.
Қарыз өтелмей тұрып, тұрғын үйді өзіне сақтап қалуға жол берілмейді.
Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар төлемділік, жеделділік, қайтару мерзімділігі шарттарымен ұсынылады. Сатып алынатын тұрғын үй ипотекалық қарыз бойынша кепілдік қамтамасыз ету болып табылады. Тиісінше, егер қарыз алушы ипотекалық қарызды өтемесе, банк кепіл алушы ретінде ипотекалық қарыз бойынша кепілдік қамтамасыз етуді өндіріске айналдыруға құқығы бар.
«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін «7-20-25» бағдарламасының «Центркредит Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ, «Цесна Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ, «Bank RBK» АҚ және «ForteBank» АҚ серіктес банктерінің филиалдарына жүгіну қажет.
Қосымша ақпараттарды www.baspana72025.kz ресми сайтынан алуға болады. Сонымен қатар + 7 (727) 227-20-25 нөмірлері бойынша тәулік бойы тегін телефон шалу орталығы жұмыс істейді.