Павлодар облысында алғашқы үшем дүниеге келді

Рavlodarnews.kz
Айта кетейік, 31 желтоқсан күні алты сәби жарық дүние есігін ашқан.

Ұл балалар облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанованың айтуынша, балалар мен ананың жағдайы жақсы деп бағаланады.

- Бүгін жоспарлы кесарь тіліге арқылы жүктіліктің 34-ші аптасында ота жасалды, - дейді Айман Оспанова.

- Мұндай мерзімде үшем ота арқылы алынады. Жаңа туған сәбилердің салмағы төмен. Шамамен 2 160, 2 090 және 2 300 грамм. Алайда, үшем үшін бұл қалыпты жағдай десе болады.

Балақайлардың жағдайы жақсы. Бас дәрігер үшем дүниеге келген отбасы екі бала тәрбиелеп отырғанын айтады.

Айта кетейік, 31 желтоқсан күні алты сәби жарық дүние есігін ашқан. Оның үшеуі – қыз, үшеуі – ұл.

Бірінші қаңтар күні туған тоғыз баланың төртеуі қыз бала болса, алтауы – ұл бала. Перинаталдық орталықтың мәліметіне сүйенсек, өткен жылы 4265 әйел адам жеңілденген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр