Сейсенбі күні республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің күшейюі күтіледі

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Қазақстанның басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, сонымен бірге кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы zakon.kz, Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің күшейюі күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіліп, Ақмола, Қостанай облыстарында тұман болады, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүтік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман тұман болады, Түркістан облысында жел 15-25 м/с күшейеді, Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді, түнде желдің екпіні 30 м/с асады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Жамбыл облысында жел 15-20 м/с, күндіз желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: