Пара алу үстінде ұсталған шекарашы ақшаны жеп қоюға тырысқан

Sputnik Казахстан
Шекарашы Украинадан Еуроодақ елдеріне темекі тасымалдауға жәрдемдескені үшін пара алып отырған.

Украина шекара қызметінің инспекторы пара алу үстінде ұсталып, ақшаны жеп қоймақ болды. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полиция сайтында хабарланған деп жазады sputniknews.kz.

Белгілі болғандай, шекарашы Венгриямен шекарадағы "Лужанка" өткізу пункті арқылы Украинадан Еуроодақ елдеріне еш кедергісіз темекі тасымалдауға көмектескені үшін пара алып отырған. Полиция мың доллар пара алу оқиғасын әшкереледі.

Инспекторды соңғы 200 долларды алып жатқан кезде ұсталған. Айғақтардың көзін жойып, жауапкершіліктен құтылмақ болған шекарашы параны жеп қоюға тырысады.

Қазір полиция "Лужанка" өткізу бекетінің басқа қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысы барын тексеріп жатыр. Оқиғаға қатысты "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті он жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді