Юлия Галышева әлемдік додада бірінші орынды иеленді

Чебоксары.ру
Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады.

Канаданың Калгари қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде ел намысын қорғаған өскемендік қыз Юлия Галышева бірінші орын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл ұзақ жаттығудың жемісі. Алдағы уақытта осы қарқыннан таймаймыз деп ойлаймын. Әрине, командасыз, жанкүйерлерсіз бұл жетістікке жету мүмкін емес еді. Сондықтан барлығына алғыс айтамын, – деді Юлия Галышева.

Финалда жерлесіміз 79,10 ұпаймен бірінші орын иеленді.

Екінші орында франциялық Перрин Лаффон. Ол 77,96 ұпай жинады.

Үздік үштікті америкалық Джейлин Кауф қорытындылады.

Еске сала кетейік, Юлия Галышева өткен жылы желтоқсанда Финляндияның Рука қаласында өткен фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде күміс медальді қанжығаға байлаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды