Пара бермек болған Қарағанды облысының екі тұрғыны қомақты айыппұл арқалады

Vlast.kz
1 жыл ішінде Мемлекеттік қызмет Департаментіне 73 өтініш келіп түсіпті. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер беріліп, кінәлі адамдар сотқа тартылған.

Пара бермек болған Қарағанды облысының екі тұрғынына қомақты айыппұл салынды. Облыста өткен жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Қоғамдық бақылау картасы" жобасы іске қосылған, деп хабарлайды orken-media.kz.

Аталған жоба барысында 1 жыл ішінде Мемлекеттік қызмет Департаментіне 73 өтініш келіп түсіпті. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер беріліп, кінәлі адамдар сотқа тартылған. Олардың көбісі мемлекеттік қызметкерлер. Деседе, арасында қарапайым тұрғындар да бар. Екі адам мемлекеттік қызметкерге ақша беріп, алғысын білдірмек болған. Нәтижесінде, әрқайсысы 200 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

"73 өтініш келіп түскенде, 20 өтініш білім беру саласындағы проблемаларға, атап айтқанда, мектептерде, университеттерде, колледждерде ақша жинау, балабақшаларға кезекке тұруға қатысты. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер берілді, кінәлі адамдар сотқа тартылды", деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Жандос СӘРСЕНОВ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды