Қорғаныс министрлігінің комиссиясы Алматы гарнизоны әскери инфрақұрылымының жай-күйін тексерді

Қорғаныс министрлігінің ресми сайтынан алынды
Қару-жарақ пен әскери техниканың жөнделуі, полигондық жабдық пен байланыс құралдарының қызмет көрсетілуі бойынша жұмыстарға баса назар аударылды.

Әскери ведомство басшысының тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев бастаған жұмыс тобы Алматы гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің бірқатар нысандарын аралады. Бұл туралы zakon.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хбаралайды.

Жұмыс сапары барысында комиссия Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-материалдық базасы мен оқу полигонын, институт қоймасында қару мен оқ-дәрілердің сақталуының ұйымдастырылуын тексерді, сондай-ақ курсанттардың оқу процесімен танысты. Қару-жарақ пен әскери техниканың жөнделуі, полигондық жабдық пен байланыс құралдарының қызмет көрсетілуі бойынша жұмыстардың барысы тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша Бас штабының қолбасшылығы бөлімшелердің қолбасшылығына әскерлердің жауынгерлік әзірлігін арттыру және жауынгерлік даярлықты одан әрі жетілдіру бойынша тапсырмалар қойды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады