2018 жылы Қазақстаннан 40 мыңға жуық адам көшіп кеткен

KpuNews
Кеткендердің басым көпшілігін орыстар құрады.

2018 жылдың қаңтар мен қараша айлары аралығында Қазақстаннан басқа елдерге 39 357 адам қоныс аударған. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9 пайызға артық, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті хабарлағандай, республикадан кеткендердің көпшілігі (35 544 адам, 2017 жылғы көрсеткіш – 31 467 адам) ТМД елдеріне қоныс аударыпты. Ал қалған 3 813 адам әлемнің басқа мемлекеттеріне көшкен екен.
Кеткендердің басым көпшілігін орыстар құрады (72,6 пайыз). Сондай-ақ алғашқы үштікке немістер (7,3 пайыз) мен украиндар (6,6 пайыз) енген.

Ведомство, сонымен қатар 2018 жылдың 11 айында Қазақстанға басқа елдерден келгендердің саны 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға азайғанын жазады (11 545 адам). 9 069 адам ТМД елдерінен, 2 476 адам басқа мемлекеттерден келіпті.
Елімізге қоныс аударғандардың негізін қазақтар (53,1 пайыз), орыстар (23,3 пайыз) мен украиндар (2,8 пайыз) құраған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін