Түркістан облысында учаскелік инспектор қызметтік көлігімен жол апатын жасады

ustinka.kz
Медициналық сараптама актісіне сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Қосымша сараптамалар тағайындалды.

Арыс қаласында учаскелік инспектор қызметтік көлігімен жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

"19 қаңтарда Түркістан облысының Арыс қаласында қызметтік көлігін тізгіндеген учаскелік инспектор жолдың қарсы бетіне шығып кетіп жеңіл көлікпен соқтығысты. Жол апатынан ешкім зардап шекпеді", - деп мәлім етті Алмас Садубаев.

Қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Медициналық сараптама актісіне сәйкес полицей ішімдік ішпеген. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Сонымен қатар, аталған оқиға бойынша Түркістан облыстық Полиция департаментінде қызметтік тексеру жүргізілуде", - деді ведомства өкілі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды