Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен өнер көрсеткен әнмен жеңіске жетті

goldenskate.com
Олар Денис Теннің бағдарламасын көргеннен кейін шабыттанып, аталған әнге өнер көрсетуді ұйғарған.

Канаданың чемпионатында мәнерлеп сырғанаушылар Кейтлин Вивер мен Эндрю Поже өз бағдарламасында қазақстандық Денис Теннің өнер көрсеткен әнді қолданды. Бұл туралы goldenskate.com басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кейтлин мен Эндрю ел біріншілігінде Starmania франциялық мюзикліндегі SOS d’un terrien en détresse әніне өнер көрсетті. Олар додада жеңіске жетті.

Кейтлиннің сөзінше, олар Денис Теннің бағдарламасын көргеннен кейін шабыттанып, аталған әнге өнер көрсетуді ұйғарған.

"Бұл бағдарлама өзің үшін қымбат болған адамдардың жоғалтқандағы сезімді бере алады деп ойлаймын. Біз өте қымбат досымызды жоғалттық. Бүгінгі эмоциялар шынайы болды", – дейді мәнерлеп сырғанаушы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшақта әйел адамның жағдайы күрт нашарлаған

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!