Қазақстанда 2018 жылы рекордтық деңгейде мұнай өндірілді

www.inform.kz
Айта кетерлігі, 2017 жылы мұнай өндірісінің көлемі 86,2 млн тоннаға жетіп, оның алдындағы жылға қарағанда 10,5 пайыз өсімді көрсеткен еді.

Қазақстанда өткен жылы рекордтық деңгейде мұнай мен газ өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жыл - еліміздің отын-энергетика кешені саласында рекордтық көрсеткішімен есте қалды. Толығырақ айтқанда, биыл елімізде 90 млн тонна мұнай мен 55 млрд текше метр газ өндірілді», - деді энергетика вице-министрі Сәбит Нұрлыбай Қазақстандағы экологиялық жауапкершілік бойынша мұнай-газ компанияларының рейтингін жариялау салтанатында.

Айта кетерлігі, 2017 жылы мұнай өндірісінің көлемі 86,2 млн тоннаға жетіп, оның алдындағы жылға қарағанда 10,5 пайыз өсімді көрсеткен еді. Осы көрсеткіштің арқасында еліміз Ішкі жалпы өнімнің мөлшерін 4 пайызға өсіру мүмкіндігіне қол жеткізген еді. Вице-министр Сәбит Нұрлыбай сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Экологиялық кодекстің маңызын арттыру шаруасы да жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

«Экологиялық кодекске енгізілетін өзгерістер бойынша экологиялық стратегиялық бағалау жүйесі енгізіледі. Бұл өте маңызды бағыт. Төртінші мұнай өңдеу зауыты тұрғызылғалы жатқандықтан, бұл қадам біздің экологияға қалай әсер ететінін білуіміз керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстандағы экологиялық жауапкершілігі бойынша түзілген мұнай-газ саласындағы компанияларының рейтингі жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев