Алматыда 750-ден астам шетелдік жауапкершілікке тартылды

Алматы қ. ПД баспасөз қызметі
Сонымен қатар 225 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылды.

Алматыда "Мигрант" республикалық жедел-профилактикалық шарасының барысында 755 шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша ПД Көші-қон қызмет басқармасы штабының басшысы Манас Әбуовтың айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзған 225 шетелдік азамат Қазақстан аумағынан шығарылған.

Сонымен қатар, шетелдік азаматтардың еңбек күшін пайдалану ережесін бұзу бойынша 150 дерек анықталған. Шетелдіктердің ҚР аумағына келу заңдылығын сақтауды қамтамассыз етпеген 33 жеке және заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылды.

Сондай-ақ, Көші-қон қызметінің инспекторларымен соттың елден шығару үкімін орындамаған тоғыз қылмыстық әрекет анықталып, тіркелді. Оқшаулау орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 191 шетелдік жіберілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады