Қарағандыда белгісіз біреулер пиццерияда орын беруден бас тартқан 11 жастағы баланы соққыға жықты. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы sputniknews.kz өңірлік ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"38 жастағы қала тұрғыны Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне шағымданды. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оның кәмелетке толмаған баласына қаладағы пиццериялардың бірінде дене жарақатын салған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын анықтады", — деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-тармағына ("Адамдар тобы жасаған бұзақылық") сәйкес алдын ала тергеу басталды.
Оқиға пиццерияға тиесілі видеобақылау камерасына түсіп қалған. Кадрда жерге құлаған баланы теуіп жатқаны көрінеді. Қарда қанның ізі қалған.