Гаухар Əлімбекова жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді

Stan.kz
Белгілі әнші, композитор алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.

Отыз жыл сахнада жүріп, елдің ықыласына бөленген әнші - Гауһар Әлімбекова алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Zakon.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әлімбекова ГауҺар Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес айыпталып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Сотталған Әлімбекова жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

"Үкімге разы емес жақтар оған ол жарияланған уақыттан бастап, ал сотталғандар оның көшірмесін алған уақыттан кейін 15 тәулік ішінде Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Алмалы аудандық соты арқылы апелляциялық шағым немесе өтінім түсіруге құқылы", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды