Алдағы үш тәулікте елімізде сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді

antoniklab.ru
Сонымен қатар өңірлерде қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал.

2-4 ақпан күндері аралығында Қазақстанның кей өңірлерінде сынап бағанасы 42 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, температураның жоғарылауын, сондай-ақ республиканың басым облыстарында қар жауу және бұрқасын тудырған оңтүстік циклоны Алтайға қарай жылжыды.

Ал Қазақстанға Карск теңізінің орталығында орналасқан суық антициклон таралып, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында минус 35…42° дейін, оңтүстікте кей жерлерде минус 15-22° дейін кезекті температураның төмендеуін тудырады.

Бірақ Қазақстанға Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжып келе жатқан кезекті циклон, жексенбіде аяздың әлсіреуін, сондай-ақ қар жауу, бұрқасын және республиканың басым облыстарында күшті екпінді жел тудырады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін