Жақсылар жетерлік. Алматыда автобус жүргізушісі мектеп оқушысының жол ақысын төлеп берді

Kazpravda.kz
Кондукторлар мен жүргізушілердің мектеп оқушыларын көліктен шығарып жіберетін кездер жиі орын алып жатады, бірақ мына жайт халықты қатты сүйсінтті.

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің тек жаман жақтарын ғана емес, сондай-ақ көңілге жақсылық ұялатар іс-әрекеттерін де бөліскенді жөн көреді. Мысалы, өткен күндері Алматыда орын алған мына жайтты айтсақ болады: автобус жүргізушісі оқушыны көліктен шығарғыны былай тұрсын, ол ақшасы жоқ жеткіншектің жол ақысын өзі төлеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жайтқа куә болған VAselek Eskosha есімді алматылық бойжеткеннің айтуынша, оқиға 98-бағыттағы автобуста орын алған.

"Шамамен 7-сыныпта оқитын бала жүгіріп кірді. Бірден жүргізушіге таяп келдіде, "Мен сізге жол ақысы үшін 30 теңге берсем бола ма, ал контролерлар кірген сәтте жүгіріп шығып кетем. Бүгін 1-ақпан болғандықтан менің абонементім бітіп қалды", - деді. Жүргізуші болса, балаға мейірімді күлкімен қарап, билет ұсынды. Бала қолындағы 30 теңгесін ұстатып еді жүргізуші алған жоқ. Жеткіншек одан сайын мәз болып, орнына отыруға кетті. Ал жүргізуші болса тиын салатын орынға өзінің 150 теңгесін салып жіберді", - деп жазды бойжеткен өзінің Facebook-тегі парақшасына.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды