Елбасы жанкешті инспекторларды марапаттады

Ашық дереккөздерден
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары мен қоғам белсенділері қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беруді ұсынған болатын.

Елбасы браконьерлердің қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевті ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. Бұл туралы Baq.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қаулы етемін:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен

Ницык Петр Алексеевич - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы

Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлы (марқұм) - Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевке "Халық Қаһарманы" атағын беруды ұсынған болатын.

Депутат Жамбыл Ахметов мемлекеттік қызмет саласында жүріп, соңына дейін күресіп, қаза тапқан қорықшыны марапатқа ұсынуды сұраған.

"Кейбір еріктілер оның есімін ұлықтау мақсатында қолында еліктің лағын ұстап тұрған суретінің негізінде ескерткіш орнатпақшы. Мұның барлығы халықтың өз батырын қалай құрметтейтінін көрсетеді. Сонымен қатар, браконьерлермен күрес жолында ерлік танытқан Ерланның әріптесі – Петр Ницык те марапатқа лайық деп санаймыз", - деді депутат Жамбыл Ахметбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды