Қорғас шекарашылары 2 центнерден астам иесіз жатқан дәрі-дәрмектерді анықтады

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Дәрілердің иесі табылған жоқ.

"Қорғаста" иесіз жатқан екі центнерден астам дәрі-дәрмек анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қорғас" БП шекарашылары жүкті шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын (ҚР аумағына кірер залында) тексеру кезінде анықтаған.

"Жалпы салмағы 209 келі тартқан жүк - Қытайда өндірілген медикаменттер екен. Болжам бойынша, заңсыз тауардың иесі жақындап келе жатқан шекарашыларды байқап қалып, қашып кеткен. Сол кеткен табылған жоқ. Тауар акт бойынша, "Алтынкөл" кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылды",- деп хапбарлады ведомства өкілдері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз