Түркістан: келес ауданында жалпы өнім - 46,9 млрд теңгені құрады

Самат Мырзалиев
Ал, 2019 жылға белсенді шағын және орта субъектілер санын 7,4 мың бірлікке немесе өткен жылмен салыстырғанда 107,2 пайызға өсіру жоспарланып отыр.

Келес ауданында өндірілген жалпы өнім көлемі 2018 жылы 46,9 млрд теңгеге жеткен. 2019 жылы жалпы өнім көлемін 62,3 млрд теңгеге жеткізіп, 132,8 пайызға арттыру жоспарлануда.

Ал, 2019 жылға белсенді шағын және орта субъектілер санын 7,4 мың бірлікке немесе өткен жылмен салыстырғанда 107,2 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Нәтижесінде осы субъектілерде жұмыс істейтін адамдар саны 15 400 адамға жетіп, 124,9 пайызға артатын болады.

Бұдан өзге, "Индустриалды инновациялық даму" бағдарламасы бойынша жалпы құны 327,4 млн теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілді. Сондай-ақ, жалпы құны 411 млн. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына ұсынылған.

Ауданда өткен жылы құны 250 млн. теңге болатын 1 жоба іске асырылып, 30 жұмыс орны ашылған. Ал, биыл құны 738,4 млн. теңгені құрайтын 4 жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде жаңадан 135 жұмыс орны ашылатын болады.

Сонымен қатар, Абай ауылының егжей-тегжей жоспарлау жобасында индустриалдық аймақтың құрылысы үшін 32,1 жер телімінің инфрақұрылымын қалыптастыруға жұмсалатын қаржыны анықтау мақсатында, техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭО) әзірленуде.

Ауданға барлығы 5 млрд. 646 млн. 300 мың теңгенің инвестициясы тартылып отыр. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 2 млрд. 854 млн. 600 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 1 млрд. 422 млн. 200 теңге, меншік қаражат есебінен 1 млрд. 369 млн. 500 мың. теңге құрайды. Бұдан өзге, 2019 жылы ауданға 6 млрд. 2 млн. теңгенің инвестициясын тарту жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті