Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның режимі туралы келісім ратификацияланды

mij-gunlivejournal.com
Келісім мерзімсіз болып табылады.

ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасының режимі туралы үкіметаралық келісім ратификацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімнің басты мақсаты – құқықтық негізді өзара белгілеу және мемлекеттік шекарада Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастарды реттеу болып табылады. Мемлекаттік шекара режимі шекарада қолданылатын қағидаларды және мемлекеттік шекараны күтіп ұстау, мемлекеттік шекара арқылы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен өзге де мүлікті өткізу, мемлекеттік шекара үстінен ұшуларды жүзеге асыру, мемлекеттік шекарада, шекара жолақтарында, сондай-ақ шекаралық сулар шегінде шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу, (сондай-ақ оларды пайдалану) және шекаралық қақтығыстарды шешу тәртібін қамтиды.

Келісім мерзімсіз болып табылады. Оның ратификациялануы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасында режим қағидаларын белгілеуге, мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады