Қарағандылық жігіт үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберген

publicdomainpictures.net
Ер адамның басы мен денесінің көп бөлігі жанып кеткен.

Қарағандыда ер адам өзіне-өзі қол салып, өмірін қимақшы болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Ол үстіне жанармай құйып, от тұтатқан. Денесінің көп бөлігі мен басын күйік шалған адам ауруханаға жеткізілгенімен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ол үш күннен кейін жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жантүршігерлік оқиға ақпанның 11-і күні орын алған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қаланың Михайлов шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен денесін күйік шалған ер адам ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам тұрғын үйге жапсарлас салынған қоймалардың бірінде өзіне-өзі қол салған.

"Алдын ала тексеріс нәтижесінде белгілі болғаны, 1990 жылы туылған азамат ауладағы қосалқы үй-жайдың ішінде өзін-өзі өлтірмек болған. Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - дейді Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жанатай Сембеков.

Үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адам бірнеше күннен кейін аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның басы мен денесінің көп бөлігі жанып кеткен,

"11 ақпан күні Х.Мақажанов атындағы ортопедия және травматология орталығына жеткізілген ер адам үш күннен кейін, яғни 14 ақпанда көз жұмды. Оған төртінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын. Қаза болған ер адамның денесінің көп бөлігін күйік шалған. Ауруханаға жеткізілген уақытта сөйлей алмады. Оған не болғанын, денесінің өртенуіне не себеп болғандығын айта алмады", - дейді Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды