"Барыс" қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматы атанды

"Барыс" ХК
Хоккейден әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы осылай күшеймек.

Астаналық «Барыс» хоккей клубының қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын рәсімдеп алды. Енді спортшы 30 сәуір мен 5 мамыр аралығында Астанада өтетін хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсете алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 25 жастағы Даррен Диц – Канаданың тумасы. 2017 жылдан бері астаналық "Барыс" клубында ойнап келеді.

Әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы "A" тобының ойындары Астанада тұңғыш рет өткелі отыр.

Чемпионатқа Қазақстан, Белоруссия, Словения, Литва, Венгрия және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді