Алматы облысында бойжеткен қазандық құбырына шығып секіріп кетпекші болды

Pixabay
Абырой болғанда ол аман-есен жерге түсірілді.

Талғарға таяу маңда қазандық құбырына шығып, өз өзіне қол салмақ болған бойжеткенді ТЖБ қызметкерлері түсіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 19-ақпан күні орын алды.

"Сағат 11:18 Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының 2-МӨСБ пульт нөміріне Терешкова көшесінде орналасқан "Байсерке-Агро" ЖШС аумағындағы жұмыс жасамайтын қазандықтың құбырына 2000-жылғы қыздың шығып, секірем деп қорқытып тұрғандығы жайлы хабар келіп түсті. Қазандық Талғар ауданы Арбақай ауылының шет жағында орналасқан, оның биіктігі 35-40 метр", - деді ТЖК өкілдері.

Талғардың 2-МӨСБ Арқабай ауылының арасындағы қашықтық 30 шақырым. Оқиға орнына Талғар ауданы бойынша ТЖБ жауапты маманы, Талғар қалалық 2-МӨСБ 5 қызметкері мен 1 техникасы және полиция қызметкерлері жөнелтілген.

Оқиға орнына келген Талғар қалаласының 2-МӨСБ өрт сөндірушісі Рахимов Ришад пен Талғар ауданының ТЖБ аға инженері Нұрғалиев Нұрсұлтан қазандық құбырына шығып, бойжеткенмен әңгімлесіп, оны сағат 12:40 құтқару арқаны арқылы жерге түсіріп алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді