Түркістан: Түлкібас ауданының ауруханасында заманауи қабылдау бөлімі ашылды

Самат Мырзалиев
Сондай-ақ, жаңа қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерді заманауи SOS қондырғысы арқылы шақыра алады. Науқастардың ауру тарихтары толық электронды түрде жүргізілетін болады.

Аудан тұрғындарына қолжетімді медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында аудандық аурухана ғимаратында заманауи қабылдау бөлімі ашылды.

Қабылдау бөлімі тираж жүйесі арқылы іске асып отыр. Жүйе науқастарға қызмет көрсету уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Қабылдау бөлімінде заманауи тіркеу орны, сары, жасыл, қызыл зоналары жасалынды. Сонымен қатар кіші операциалық , айелдер көру, балалар көру, жұқпалы аурулар, санитарлық өткізу бөлмелері және күту залымен қамтылған. Науқастарға жедел көмек көрсету үшін УЗИ мен ЭФГС бөлмелері қабылдау бөлімінің ішінен ұйымдастырылып, зертхана жақындастырылды.

Сондай-ақ, жаңа қабылдау бөлмесінде науқас дәрігерді заманауи SOS қондырғысы арқылы шақыра алады. Науқастардың ауру тарихтары толық электронды түрде жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 2018 жылы аудан аумағында елді мекендер тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында жалпы құны 150 млн. теңгеге Жаңаталап, Сарытөр медициналық тіректері күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне пайдалануға берілген. Ал Шарафкент, Көкбұлақ, Еңбекші ауылдарындағы медициналық тіректеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысандар 2019 жылдың сәуір айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады