Алматылық журналист ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылады

stan.kz
Манас Бистаев есімді журналист желіге өзі түсірген видео жариялады. Сол үшін ұлтаралық алауыздықты қоздырды деп айыпталды.

Алматылық азаматты желіге ұлтараздық алауыздықты қоздыратын видео жариялады деген айыппен қылмыстық жауапқа тартыладыдеп хабарлайды Stan.kz.

“Алматы қалалық Полиция департаменті Б. есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Азамат монологі жазылған видео жариялап, ұлтараздықты туғызды. Оның әрекеті – “Ұлтаралық алауыздық тудыру” бабымен қаралады. Бұл бойынша қылмыстық істі Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы жүргізеді. Сараптама тағайындалды”, – делінген ПД хабарламасында.

Алайда Бистаевке қатысты қылмыстық іс қозғалғанына журналист Денис Кривошеев қарсылық танытты.

“Мен Бистаевтің айтқандарымен, орыстарға қарсы айтылған ойымен келіспеймін, бірақ ол үшін экспресивті журналиске қарсы қылмыстық іс қозғаудың қажеті жоқ еді деп ойлаймын. Түсіндіру жұмысын жүргізсін, сынға алсын, бірақ қылмыстық жауапқа тарту емес. Бұл адамның ойы. Оның өмір сүру құқығы бар. Тек қана өмірлік ұстанымы бар ойлар ғана көзқарасты өзгерте алады”, – деп жазды Денис желіде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды