"АвтоВАЗ" екі түрлі жанармаймен жүретін Lada Largus шығара бастады

''АвтоВаз'' ААҚ
Lada Largus CNG толық бакпен мың шақырымнан астам жол жүреді.

"АвтоВАЗ" Lada Largus CNG атты моделінің өндірісін бастады. Бұл автокөлік бензинмен де, табиғи газбен де жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 текшеметрлік сығымдалған газ сиятын 90 литрлік баллонға метан құйылады, 50 литрлік бензобак та өз орнында қалды.

Lada Largus CNG толық бакпен мың шықырымнан астам қашықтық жүре алады.

Газ баллондық жабдық модельдің коммерциялық версиясы мен жолаушылар версиясына да бірдей орнатылады.

"Метан пайдалану жанармай шығындарын үш есеге қысқартып, мотордың ресурсы мен экологиялық тазалығын арттырады ", — делінеді компанияның хабарламасында.

Lada Largus CNG автокөліктеріне көлемі 1,6 литрлік 16 клапанды Lada қозғалтқыштары орнатылады. Ал газ баллондық жабдықтың жол-көлік апаты болған жағдайда метанның сыртқа шығуын автоматты түрде жауып тастайтын арнайы клапаны бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды