Еліміздің басым аймағында тұрақсыз ауа-райы сақталады

bash.news
Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидромет" РМК 22-ақпан күні Қазақстан аймақтарында болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты республиканың батысында және солтүстік-батысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерлерде жауын-шашынды болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді, көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады