Қазақстанда "Домбыра" телеарнасы ашылды

Zakon.kz
Арна жүз пайыз қазақ тілінде 24 сағат бойы қазақ өнері жайлы хабар таратады.

Қазақ телеарналарының қатары "Домбырамен" толықты, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюске сілтеме жасап.

Бұл туралы жаңа арнаның директоры Қанат Ержігітов айтты.

– Бұл салада тың дүниелер жоқтың қасы, сондықтан Алматы мен Астана қалаларында екі айдан бері түсірілім жұмыстары жүріп жатыр. "Домбыра" қазір ID tv кабелдік жүйесінде тестілі режимде тұр. Жұма немесе дүйсенбі күні толықтай қосылады. Әр қазақ дәстүрлі өнерді кез-келген уақытта теледидарды қосып, көре алатындай болу керек қой, біздің мақсатымыз осы. Телеарна тек домбыра жайлы емес, жалпы ұлттық музыка аспаптары жайлы хабар тарататын болады, – деді Қанат Ержігітов.

Осыдан екі жарым жыл бұрын "Жұлдыз" арнасын ашқан іскер азамат сол кездерде көрермен тарапынан "сіздер қазақтың дәстүрлі ән-күйлерін берсеңіздер" деген өтініштер-тілектер көптеп келіп түскенін айтады. Кейін зерттей келе, расымен де, дәстүрлі музыка бойынша телеарна жоқ екеніне көз жеткіздім дейді арна басшысы.

"Домбыра" арнасы жүз пайыз қазақ тілінде 24 сағат бойы қазақ өнері жайлы хабар таратады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы