Театр әртістері үкіметтен үй сұрап отыр

culture.ru
Табысы жеткілікті болмағандықтан, олар "Нұрлы жер" және "7-20-25" бағдарламаларына да қатыса алмайды екен.

Баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылардан кейін театр әртістері де мемлекеттен пәтер сұрап шықты. Сенаторлар жалақысы төмен, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндігі жетпейтін өнер адамдарының жағдайын айтып, үкіметке сауал жолдап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Сенаторлардың айтуынша, бүгінде 52 мемлекеттік театрда 1 мың 538 жас маман қызмет етеді. Ондағы жас әртістердің шығармашылық құрамы ең арысы 76 мың теңгеге дейін жалақы алады. Ал техникалық құрамдағылардың алатыны 49 мың теңгеден аспайды. Нақ қолдарына тиетіні одан да төмен. Оның үстіне, жас мамандап үш жыл істеп, ең төменгі санатты ғана алады. Жоғарғы санатқа ілігу үшін тағы бірнеше жыл керек. Ол уақытта жастары ұлғайып кетеді. Жас әртістердің жартысына жуығы пәтер жалдап жүр. Табысы жеткілікті болмағандықтан, «Нұрлы жер» және «7-20-25» бағдарламаларына да қатыса алмайды екен. Сондықтан жалақысын көтеріп, жалдамалы пәтер беруді сұрап отыр.

Нариман Төреғалиев, Сенат депутаты:

- Құрметті, Бақытжан Әбдірұлы! Осы айтылғандарды қолдаған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдарға жас әртістердің еңбекақысын көтеру және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуды қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды