БҰҰ Бас хатшысы кәрі депутаттардың көбейіп кеткенін сынады

Сурет: zakon.kz
Заң шығарушы органдарда жастардың болмауы әділетсіздік.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Нью-Йорктегі парламенттік таңдау барысында қазіргі заманғы парламенттерде көбіне жасы келген ер адамдардың отырып алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заң шығару органдарында жастардың болмауын әділетсіздік деп таныған ол, бұл олқылықты жоюға шақырды.

Гутерриштің өзі алғаш рет 26 жасында депутат атанған. Одан кейін 7 рет Португалия парламентіне сайланған.

- Қазіргі парламенттерде отырғандардың басым бөлігі жасы келген қарт ер адамдар. Заң шығарушы органдарда жастар да, әйелдер де тым аз. Мен өзім 26 жасымда депутат болдым. Қазір біз парадокстар әлемінде өмір сүріп келеміз. Жаһандық тәуекелдердің туындауына себеп көп. Экономика тым баяу өсіп келеді, қаржы нарығы әлі тұрақсыз. Басқару институттарына деген сенімсіздік туындауда. БҰҰ ның парызы осы сенімді қайтару, – деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды